Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қызылорда су жүйесі» жұмысшыларға 30 млн теңге қарыз

21.02.2020, 13:39 1016

Бұл туралы аталған кәсіпорын басшысы Марат Жамиев қаладағы ауызсудың сапасына байланысты өткен баспасөз брифингінде айтты. Оның сөзінше, былтырғы жылы мекеме жұмысшыларға берешегін толық өтеген.

– «Қызылорда су жүйесі» МКК құрылғалы ең өзекті мәселенің бірі – жалақы. Өткен жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мекеме қызметкерлерінің 2019 жылғы жалақысынан толық құтылды. Ал қаңтар айының жалақысын алдағы 5 күннің ішінде беретін боламыз. Бүгінгі күні жұмысшыларға 30 млн теңге қарызымыз бар, – деді Марат Шахматұлы.

Сондай-ақ, ол ауызсуға қарыз тұтынушылардың көп екенін хабарлады. Бірақ, қызылордалықтардың нақты қанша берешегі барын айтқан жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: