Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Су айдындарында 20 оқиға тіркелген

05.08.2020, 18:00 928

HALYQLINE.KZ Биыл Қызылорда облысының су айдындарында 20 оқиға тіркеліп, 23 адам қаза болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Руслан Қайрақбаев баяндады.

«Кеше 21 сағат 30 минутта Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің тұсында суға шомылуға тиым салынған аймағында 1995 жылғы «КБИ» мөлек ауданының тұрғыны суға түсу кезінде  батып кеткені жөнінде «112» құтқару қызметіне  хабар түсті. Аталған шақырту бойынша оқиға орнына 25 құтқарушы, 3 техника, 2  қайықпен жетіп, іздестіру жұмыстарын 01 сағат 00 минутқа дейін  жүргізді. Алайда еш нәтиже берген жоқ. Бүгін таңғы 06 сағат 00 минуттан бастап іздестіру жұмыстары басталды. Нәтижесінде 08 сағат 12 минутта құтқарушылар көмегімен мәйіт судан шығарылып, туыстарына табысталды», – деді ол сұхбат барысында. 

Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі – қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзудан:

– мас күйінде шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түсу; 

– жүзе алмау, өз күшін бағамдамау;

– су айдындарының маңында балаларды қараусыз қалдыру.

Қайғыны болдырмас үшін, ересектер мен балаларға қарапайым су айдындарындағы қағидаларды сақтау керек:

– шомылу үшін арнайы ашылған, рұқсат етілген орындарға бару керек;

– өзіңізге таныс емес су айдындарында сүңгуге болмайды;

– тереңде үшкір заттар тастар, ағаштар және т.б. болуы мүмкін;

– қауіпсіз аумақты көрсетіп тұрған белгілерден асып, малтымау қажет.

Ал, егер сіз қатты ағыны бар суда болсаңыз, ағынға қарсы малтуға тырыспаңыз, ағынмен бірге жүзу керек, бірақ ақырын жағалауға жақындауға күш салу керек. Егер сіз су айдынында иірімге түссеңіз, онда шошымаңыз, аузыңызға ауа толтырып, астына сүңгіп, бірден басқа жаққа қарай жүзіңіз.

Құрметті облыс тұрғындары, суға түскенде сақтық шараларын қатаң сақтаңыздар! 

Қызылорда облысы ТЖД Баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: