Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16.09.2020 жылғы №22 Қаулысымен кейбір кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс уақытын шектеу мерзімдері алынып тасталды, маңыздылығы жоғары кәсіпкерлік субъектілерінің уақыт шектеулері 09.00-23.00-ге дейін теңестірілді:
— сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда нысандары (бутиктер), сауда желілері жұмысына (толтырылуын 30%-дан асырмай, 1 адамға 4 ш.м. болу) сағат 09.00 ден 23.00-ге дейін;
— сұлулық салондарының, шаштараз, СПА орталықтар және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар жұмысына белгіленген уақыт алынып тасталды;
— ашық алаңдағы аттракциондар жұмысына белгіленген уақыт алынып тасталды;
— фитнес орталықтарының (бассейнсіз), тренажер залдары (орталықтары), спорттық-сауықтыру орталықтарының (үйірмелер, секциялар, т.б.) жұмысына белгіленген уақыт алынып тасталды;
— қоғамдық монша, сауна жұмысына сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін рұқсат;
— ашық алаңда жеке және топтық жаттығуларға белгіленген уақыт алынып тасталды;
— облыс, аудан орталықтарындағы қоғамдық көліктің жұмысына белгіленген уақыт алынып тасталды;
— қоғамдық орындарға (демалыс саябақтары, саяжолдар, субұрқақтар, жағалаулар және басқа демалыс орындары) баруға сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін;
— жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының қызметіне белгіленген уақыт алынып тасталды;
— халыққа байланыссыз қызмет көрсету (автомобиль жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және т.б.) объектілердің қызметіне белгіленген уақыт алынып тасталды;
— бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.) жұмысына белгіленген уақыт алынып тасталды;
— такси қызметтері жұмысына белгіленген уақыт алынып тасталды.
Көрнекі сурет
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!