Төтенше жағдайлар министрлігі 20 наурызда Қызылорда облысында су тасқыны кезеңі ресми түрде аяқталғанын мәлімдеді.
Себебі Сырдария өзені мұздан толығымен тазартылып, сең Кіші Арал теңізіне жеткен.
Қызылорда су торабынан Кіші Аралға дейінгі қашықтық 744 шақырымды құрайды. Осы қашықтықта су тасқыны жағдайы тіркелмеген.
Министрлік, облыста өзендегі су деңгейіне мониторинг жасау жалғасатынын айтып, тұрғындарды су қоймаларының жанында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!