Бүгін Қызылорда қаласы «Достық үйінде» облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет және «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаеваның қатысуымен «Қазақстан халқына» қорының қызметі өңірлер үшін» атты дөңгелек үстелі өтті. Оған депутаттар, қоғамдық ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдар, БАҚ өкілдері қатысты.
Ләззат Шыңғысбаеваның айтуынша, дөңгелек үстел Ұлттық қайырымдылық бойынша ІІ конференцияның аясында өңірдің қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру жөніндегі бастамаларды талқылау мен айқындау мақсатында өткізілді.
7 тамыздан бастап Қор коммерциялық емес ұйымдар (КЕҰ) арасында сауалнама жүргізді, оған коммерциялық емес ұйымдардың 1200 өкілі қатысып, Қордың қызметіне кешенді баға берген. Ал, 15 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Қор денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім беру, спорт және мәдениет салалары бойынша 1000-нан астам КЕҰ-ның қатысуымен 21 тақырыптық онлайн zoom-кездесу өткізді, онда жұртшылықты толғандыратын мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары және Қордың қатысуы бойынша 100-ден астам ұсыныс айтылды.
Ләззат Шыңғысбаева «Қазақстан халқына» қорының жүзеге асырған қайырымдылық бастамаларына тоқталып, Қызылорда өңірінде іске асқан және жоспарланған қайырымдылық жобаларды таныстырды. Қор қазақстандықтардың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы негізгі проблемаларын шешуге бағытталған жалпы сомасы 146,5 млрд теңгеге 40-тан астам қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды қаржыландырады. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетіледі. Қордың бағдарламалары елдің барлық өңірінде ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларға баса назар аудара отырып іске асырылады.
Қызылорда облысы бойынша 15 қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 785,6 млн теңге сомаға қайырымдылық көмек көрсетілді және де 2,1млрд теңгеге қолдау көрсету жоспарланып отыр.
Денсаулық сақтау бойыншаҚызылорда облысында ауыр, өмірге қауіп төндіретін және орфандық сырқатқа шалдыққан 13 пациентке жалпы сомасы 726,6 млн теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды. Қызылорда облысы бойынша қан тамырлы патологиясы бар 4 балаға ем жүргізілді. Өңірлік медициналық мекемелерді офтальмологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету аясында ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» КМК, ШЖҚ «Арал ауданаралық ауруханасы» КМК, ШЖҚ «Қазалы ауданаралық ауруханасы» КМК, ШЖҚ «Жаңақорған ауданаралық ауруханасы» КМК, ШЖҚ «Шиелі ауданаралық ауруханасы» КМК жалпы көлемі 22,5 млн теңгеге диагностикалық линзалар мен офтальмоскоптар сатып алынған.
Арал қаласында Ерте араласу орталығы ашылады. Орталық нәрестелердің мүгедектігін анықтауға және профилактикалық жұмыс жүргізуге бағытталған. Қазақстан бойынша барлығы 13 орталық ашу жоспарланған. Қызылорда облысының шалғай өңірлерінде онкологиялық скрининг жүргізу үшін жылжымалы медициналық кешендер құру жобасы іске асырылуда. Балалар нейрохирургиялық қызметін дамыту аясында Қызылорда қаласының ШЖҚ «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» КМК 95,2 млн теңгеге жабдықтар жеткізу жоспарлануда. Шетелде гематолог-дәрігерлерді, онкологтарды, генетиктер мен УЗИ-мамандарын оқыту және шетелдік мамандарды тарта отырып шеберлік сыныптарын ұйымдастыру бойынша жобалар іске асырылуда. Мысалы, 3-14 шілде аралығында ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» КМК УЗИ маманы Санкт-Петербург қаласындағы «Д.О. Отт атындағы Акушерлік, гинекология және репродуктология ғылыми-зерттеу институтында» оқудан өтті.
Енді әлеуметтік қолдау және оңалту бойынша Қызылорда облысының 1 тұрғынына жалпы сомасы 5,5 млн теңге болатын протез берілді. ШЖҚ «Арал көпбейінді орталық аудандық ауруханасы» КМК, ШЖҚ «Жаңақорған көпбейінді орталық аудандық ауруханасы» КМК базасында жалпы құны 482,4 млн теңгеге 2 оңалту орталығы ашылады.
Білім беру саласында ауылдық тірек мектептердің әлеуетін дамыту мақсатында Қызылорда облысы бойынша Арал қаласының «Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейі» КММ материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Екінші кезең бойынша жалпы сомасы 500 млн теңгеге 2 тірек мектеп құру жоспарлануда, яғни Жосалдыда «Тайымбет Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейі», Жаңақорған ауданында «№286 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
Қызылорда облысында жалпы құны 96,2 млн теңгеге ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 3 арнайы мектепті жарақтандыру жоспарлануда. Атап айтқанда, «№5 көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ, «№6 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ және «№7 арнайы түзету мектеп-интернаты» КММ.
Инженерлік құзыреттілікті дамыту мақсатында Қызылорда облысында 9 мектеп жалпы сомасы 32,4 млн теңгеге робототехника кабинеті ашылып, бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықталған. 2022-2023 оқу жылында облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 71 студент грант иегері атанды (61 студент Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде, 10 студент «Қызылорда «Болашақ» университетінде оқиды). Ағымдағы оқу жылына Қазақстан бойынша 818 талапкер білім грантының иегері атанды, оның ішінде Сыр елінде 15 студент грант иегері атанды (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті).
Қызылорда облысында жақсы үлгерім көрсеткен және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысқан 600 ауыл оқушысына «Облыстық қосымша білім беру және олимпиадалар орталығында» және «Спутник» балалар сауықтыру орталығында демалыс ұйымдастырылды.
Спорт саласына келсек, Ақжар және Айдарлы ауылдарында 2 зал ашу жоспарланған.
Дөңгелек үстел барысында қоғам белсенділері өз ұсыныстарын айтып, сауалдарына жауап алды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!