Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Мемлекеттік қызметшілерге төсбелгі табысталады

23.06.2021, 10:00 492

HALYQLINE.KZ Биыл аймақта алғаш рет «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табысталады. Аталған марапат мемлекеттік қызметте 10 жыл еңбек өтілі бар және салалық кәсіподақ мүшелігінде кемінде 3 жыл болған, еліміздің даму жолында еңбек сіңірген қызметшіге беріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Жасұлан Шынтасов мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін республика көлемінде мемлекеттік қызметшілерге төсбелгі беріліп келді. Аталған марапатқа әр өңірдегі үміткерлердің екеуі ғана қол жеткізетін. Ал биыл алғаш рет облыс дейгейінде ұйымдастырылып отырған «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі үздік деп танылған үш мемлекеттік қызметшіге беріледі.

– 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асуда. Атап айтқанда, облыс әкімінің жүлдесіне арналған XXVI дәстүрлі мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасында спартакиада өтті. Спорт додасында 1000-нан астам мемлекеттік қызметкер спорттың 9 түрі бойынша бақтарын сынады. Сайыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 23 маусым күні сағат 12:30-да «Мұз айдыны» спорт кешенінде өтеді.

Бұған қоса, биыл білікті кадрлар дайындау мақсатында құрылған «Абырой» мемлекеттік қызмет мектебін 25 түлек бітіріп шықты. Департамент пен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті және Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы бірлесіп аталмыш мектепті табысты аяқтаған тыңдаушыларға арнайы сертификаттар табыстады, – деді Жасұлан Қанибайұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: