Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Карантин талабы жеңілдеді

01.03.2021, 18:30 533

HALYQLINE.KZ Бүгіннен бастап Қызылорда облысында карантиндік шаралар жеңілдетілді. Яғни, ас беру және спорттық шараларды өткізуге рұқсат берілді. Бірақ 50 адамнан артық болмауы тиіс. Сондай-ақ, бильярд клубы мен балалардың ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне рұқсат етілді.

– Бүгіннен бастап 1-5-сынып оқушылары ал, халықаралық мектептерде 1-7-сынып оқушылары аралас оқу форматында оқиды. Яғни пәндерді 70 пайыз дәстүрлі, 30 пайыз қашықтан оқиды. Ал, бала саны 300-ден аспайтын қала және ауыл мектептердегі барлық сынып оқушылары мектепке барып оқиды. Сондай-ақ, 9, 11-сыныптың оқушылары әлеуметтік арақашықтық сақтай отырып оқуды дәстүрлі түрде оқуда. Бұған қоса, білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады. Айта кететін жайт, шектеулер жеңілдетілгенімен босансуға болмайды. Карантин талаптарын сақтайық, – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әлия Әбдіқайымова.

Сонымен қатар, мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге, букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салу жалғасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: