Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Карантин режиміне өзгерістер енгізілді

10.06.2020, 16:50 1562

HALYQLINE.KZ 9 маусымнан бастап тұрғындар арасындағы короновирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы Қызылорда қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №5 Қаулысы күшіне енді.

Қаламызда короновирус инфекциясының нақтыланған жағдайларының 7 пайызға өсуіне байланысты қала аумағында инфекцияны шоғырландыру және таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін жалғасатын болады.

Көпшілік іс-шараларды (мерекелік, ойын-сауық, мәдени көпшілік шаралар, конференциялар, семинарлар және т.б.), ұжымдық, жанұялық (туған күн, құдалық, үйлену тойы, басқа да дәстүр мен әдет-ғұрып шаралары, т.б.)

ЖИЫНДАРҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

🔻 Спорттық-көпшілік іс-шараларды және көрмелерді көрермендерсіз санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып өткізуге РҰҚСАТ БЕРІЛЕДІ!

🔻 Кинотеатрлар, түнгі клубтар, сауда ойын сауық орталықтары жанындағы балалардың ойын алаңдары қызметі тоқтатылады!

🔻 Компьютерлік клубтар, букмекерлік және лото-мото- конторлардың жұмысы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен (келушілер мен қызметкерлерін қосқанда) бір адамға кемінде 4 шаршы метрді құрайтын аудан сақтала отырып, сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін ШЕКТЕЛЕДІ!

🔻 Жәрмеңкелердің, азық-түлік емес тауарлар, киім-кешек базарлары мен сауда орындарының жұмысы санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін ШЕКТЕЛЕДІ!Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен:

🔻 Автокөлік базарлары жұмысын жексенбі күні сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін;

🔻 Мал базарлары жұмысын сейсенбі күні сағат 17:00-ден 23:00-ге дейін ШЕКТЕЛЕДІ!

🔻 Меншік нысанына қарамастан барлық балаларға арналған жазғы тынығу, сауықтыру лагерлеріне, мектеп жанындағы күндізгі лагерлердің жұмысына ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

— балаларға арналған жазғы тынығу, сауықтыру лагерлері, мектеп жанындағы күндізгі лагерлердің жұмыс істеуіне тыйым салуды;

— оқушылар және мектеп жасына дейінгі балалардың экскурсиясына тыйым салуды;

— қалалық демалыс паркі өз жұмысын санитарлық-дезинфекциялық нормаларды қатаң сақтай отырып жалғастыратын болады.

Сонымен қатар, барлық мемлекеттік органдар, мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар штат кестесінде 30 астам қызметкер болған жағдайда 50 пайыз қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалады.

Жалпы, коронавирус инфекциясына байланысты қалыптасқан жағдай қатаң бақылауда. Жоғарыда аталған талаптардың сақталуын бақылау мақсатында қала әкімдігі жанынан мобилдік топ құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 9 хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: