Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қытайға жаңа әуе рейсі ашылады – облыс әкімі

20.11.2025, 15:40 102

Келесі жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысынан Қытай Халық Республикасына жаңа әуе бағыты ашылады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан өңірінде заманауи инфрақұрылым қалыптастыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр. Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, аймақта көлік, коммуналдық және энергетикалық жүйелер жаңарып, тұрғындар мен бизнес үшін қолайлы жағдай жасалуда.

«Бүгінде Шығыс Қазақстанда көлік, коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңартып, логистиканы жеңілдететін әрі өмір сүру мен кәсіп жүргізуді қолайлы ететін заманауи жүйе қалыптасып келеді», – деді облыс басшысы.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл аймақта екі жаңа әуежайдың құрылысы басталған. Сонымен қатар, «Майқапшағай» және «Уба» шекара өткізу бекеттері, бес теміржол вокзалы модернизациялануда. Сондай-ақ халықаралық бағыттар саны артып келеді.

«Өткен жылдан бері облыс орталығынан Мәскеу мен Жаңасібірге халықаралық әуе рейстері орындалып жатыр. Келесі жылдан бастап Қытай Халық Республикасына жаңа әуе бағытын ашу жоспарлануда», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Қазіргі уақытта «Өскемен – Алматы» бағытында жүретін жаңа Тальго пойыз маршрутын іске қосуға дайындық жүргізіліп жатыр.

Фото: ortcom

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: