HALYQLINE.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте солтүстік өңірлердегі бос жұмыс орындары, қоныс аударушыларға мемлекеттен көрсетілетін қолдау шаралары туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева баяндап өтті.
Сондай-ақ брифингке оңтүстік өңірінің тұрғындарын солтүстікке қоныстандыру мәселелерімен Қостанай, Павлодар және Ұлытау, Абай облыстарының жұмыспен қамту басқармасының мамандары да қатысты.
Мамандардың айтуынша, солтүстік өңірлерден 3000-ға жуық экономиканың әртүрлі салалары бойынша бос жұмыс орындары бар. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық, зоотехник, механизатор, техника қауіпсіздігінің инженері, инженер-механик, көмір және цемент зауытының машинисті, электргазбен дәнекерлеуші, орау машинасының операторы, ағаш және жиһаз өндірісінің шебері оқытушы, құрылыс және монтаждау жұмыстарының шебері, кең профилді станокшы, техник, аспазшы, жүргізуші, автоэлектрик, дәнекерлеуші, іс жүргізуші, аудармашы, бухгалтер, еден жуушы, ветеринарлық санитары және т. б.
– Облыстан солтүстік өңірге 2014 жылдан бері 2000-ға жуық отбасы қоныс аударды. Мәселен, өткен жылы 187 отбасы қоныс аудару квотасына енгізілді. Сондай-ақ қоныс аударғандардың 221-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Алты адам жеке кәсібін ашса, екі адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды. 9 адам мемлекеттік грант алса, 1 адам қысқа мерзімді оқудан өтті.
Ал биыл 19-21 сәуір аралығында Қызылорда облысына Солтүстік өңірлерден жұмыс берушілердің қатысуымен «Солтүстік өңірлердің жәрмеңкесі» атты кездесулер өткізуді бастады. Сонымен қатар, Ұлттық жобамен ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары жіті жүргізілуде. Сәйкесінше, қоныс аударушыға және оның әрбір отбасы мүшелеріне – бір рет 70 АЕК мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі. Мұнан өзге, экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын-үйді сатып алуға, салуға немесе алғашқы жарна ретінде пайдалануға тұрғын-үй құнының 50 пайызын 4 млн теңгеден аспайтын сомада ұсынылады. Қоныс аударушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларға он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге материалдық көмек беріледі, – деді Жанар Жұмабекқызы.
Бұған қоса, қоныс аударушыларды қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына және қысқамерзімді кәсіптік курстарға жібереді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!