Қазіргі таңда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында облыста денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт, қоғамдық тәртіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да салаларда 142 жоба бар. Олардың 56-сы бойынша жобаларды іске асыру шарттарына инвесторлармен қол қойылды.
Бұл туралы бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақов халыққа есеп беру кездесуінде айтты.
«Мойындау керек, біз үшін әлеуметтік-маңызды сұрақтарды шешуге мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдаланудың зор пайдасы тиіп отыр. Соның көмегімен 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен 100% қамтылды. Бүгінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде 72% балабақша жұмыс істеп тұр», – деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Айта кету керек, бүгінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іріктеу барысында бюджеттен инвестициялық шығындарды талап етпейтін, мемлекеттік тапсырыс немесе нарықта қызмет көрсету арқылы жұмыс істейтін жобаларға басымдық беріледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!