– Қарақтарым, жаман хабарды жая бермеңдер! Мал құлағы – саңырау. Жақсылықты жарнамалаңдар!
– Апа-ау, адамдар қазір жаман хабарды көп оқиды, көп көреді, жақсы хабар ешкімге қызық емес!
– Не дейді? Құдай, өзің кеше гөр! Қарақтарым, Құдайдың құлағын жақсылықпен түртіңдер!
***
– Үфффф, мына үйден адам арыла ма?! Шаршадым бәрінен!
– Келінжан, сабыр, айналайын! Бір-екі күнде абыр-сабыр басылады…
– Құрып кетсін бүйткен таусылмайтын туыстар!
– Тәйт! Олай деме! Әулеттен осы жалғыз бауырым ғана үбірлі-шүбірлі болған!
Көйлек сыртынан халат киіп, үлкен де болса үйдің тірлігіне араласып жүрген апаның иегі кемсеңдеп, босағаға отыра кетті…
***
– Балам, үйде үлкендер бар ма?
– Жоқ апа, әке-шешем түйе қарап кеткен…
– Қап…
– Жай сұрадыңыз ба?
– Мына көшеден үй алып едік, бір шәугім шай ішер замандас таппай жүрмін…
Айнұр ТҰҢҒЫШБАЕВА
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!