HALYQLINE.KZ –| Биыл Арал қаласында орналасқан екі бірдей колледжіміз күрделі жөндеуден өткізілетін болады. Екі білім ошағының да аудан жастарын қажетті маман ретінде дайындап шығаруда маңызы зор.
Арал көпсалалы колледжінің оқу ғимараты 3 қабатты, 1980 жылы салынған. Ғимараттың жобалық қуаттылығы 360 оқушыға арналған. Оқу корпусының іргетасы біртұтас бетон, сыртқы, ішкі күрделі қабырғалары қыштан салынған. Ал, колледждің жанындағы зертхана ғимараты 1975 жылы қамыс қаңқадан тұрғызылған.
Биыл осы аталған нысанның күрделі жөндеу жұмысына «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі арқылы Қызылорда қаласының «Агроспецмонтаж» өндірістік кәсіпорны жеңімпаз болып анықталды. Күрделі жөндеу жұмыстары алдағы мамыр айында басталып, құрылыс барысында 125 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
Арал индустриалды-техникалық колледжіне келер болсақ, 1980 жылы аудандағы кеме жөндеу зауытының теңгерімінде асхана ретінде салынған ғимарат 2003 жылы колледж балансына алынып, оқу корпусы ретінде қайта жабдықталған.
Ғимарат екі қабаттан тұрады. Ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі арқылы конкурс жарияланған болатын.
Қазіргі таңда жеңімпаз ретінде Қызылорда қаласының «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС танылды. Бұл нысанның күрделі жөндеу жұмыстары барысында 60 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Сонымен қатар, биыл Арал аудандық №19 олимпиада резервінің балалар мен мен жасөспірімдер мектебінің теңгеріміндегі стадионның бу қазандығын ағымдағы жөндеуден өткізу және көгілдір отынға қосу жұмыстары жоспарымызда бар. Аталған күрделі жөндеу жұмыстары аудан әкімдігінің жіті бақылауында болады.
Арал ауданы әкімдігі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!