Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қорытынды конференция өткізілді

01.12.2022, 11:20 371

 HALYQLINE.KZ Бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Шоқайтану» ғылыми орталығында «Сыр өңіріндегі саяси қуғын-сүргін: зерттелуі және мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, саяси қуағын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі Түркістан облыстық комиссиясының мүшесі Хазіретәлі Тұрсын, онлайн байланыс арқылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, философия докторы Рауан Байдалы, облыстық комиссия мен жұмысшы топтың мүшелері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, тарихшы мұғалімдер, магистранттар мен студенттер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және онлайн байланыс арқылы аудандық жұмысшы топ мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аталған жиында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Мира Қазбекова «кез келген ел үшін басты құндылық – ұлттық бірлік, ынтымақ және тұтастық. ХХ ғасыр басында осы құндылықтарды ту еткен ұлт зиялыларының үлкен шоғыры қалыптасты. Олардың есімін ұлықтау, кейінгі ұрпақтың парызы», – деп атап өтті.

Ғалымдар саяси қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбаны болған, сотсыз немесе тергеусіз атылған, аштық кезінде елден кетуге мәжбүр болған босқындар және тарихымыздың басқада ашылмаған ақтаңдақ беттеріне жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде анықталған деректер негізінде баяндамалар жасады. Конференция барысында облыстық жұмысшы тобының атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы міндеттері пысықталды.

Алдағы уақытта жүйелі зерттеу жұмыстары өз жалғасын табады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: