Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қоғамның басым бөлігі жаңа әліпбиге көшуді қолдады

05.02.2020, 10:41 358

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісу керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтқан болатын. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қолға алу қажеттігін атап өткен еді.

«Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылы 26 қазандағы №569 Жарлығына сәйкес бекітілген жаңа әліпби бойынша әзірленді.

Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері (Ереже) – латын графикасындағы қазақ әліпбиі бойынша дұрыс жазуды көрсететін құқықтық күші бар құжат. Сонымен қатар, латыннегізді жаңа әліпби бойынша қазақ тілінің орфографиялық нормаларын тұрақтандыратын, дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыратын басты нормативті қағидалар болып саналады.

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жөнінде бастама көтерілгелі бері көптеген ойлар мен пікірлер, алуан ұсыныстар айтылып жүр. Оның ішінде жеріне жеткізілмей айтылғандары да, асыра айтылғандары да бар. Әліпбидің де бірнеше нұсқасы ұсынылды. Ең бастысы, қоғамның басым бөлігі жаңа әліпбиге көшуді қолдады. Мемлекет тарапынан жоспарлы, мақсатты көп шаруалар атқарылды, атқарылмағы одан да көп. Жалпы еліміз, халқымыз үшін осы маңызды жұмыстарды уақтылы әрі сапалы атқаруға біздің әлеуетіміз толық жетеді. Ол үшін мамандар да жеткілікті.

Баспасөз ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде латын әліпбиіне көшуге байланысты кейбір қарсылықтар байқалды. Әрине, қоғам болған соң әр алуан, тіпті қайшылықты пікірлердің болуы да заңды деп білеміз. Десек те, елдік мәселеде тіліміз сияқты аса маңызды мәселеде мұрат бірлігі, ой ынтымағы, ұлт бірлігі керек. Әлбетте, әліпби, оның емле ережелері, енгізудің бағыттары мен тәсілдері жөнінде ойға ой қосу, ортақ жұмысқа күш қосу қажет. Осындай ойлармен бөлісіп жатқан жанашыр азаматтар баршылық. Бұл осындай елдік мәселеде өте пайдалы. Бірақ халықтың басым көпшілігі қолдап отырған, дәуірлік маңызы бар, ең бастысы, әліпби ауыстырудың барлық алғышарттарын уақыттың өзі дәлелдеп жатқанда, одан ат тонымызды ала қашуды дұрыс емес дейміз.

Макпал Балтабаева,

№41 М.Шоқай атындағы орта

мектептің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: