Аймақ жастарының игілігіне ұйымдастырылып отырған «Мүмкіндіктер алаңы» шарасында Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Каюпов Руслан Мұхамедәліұлының қоғамдық қабылдауы өтеді.
Қабылдау барысында жергілікті тұрғындар мен жастардың өзекті мәселелері қаралады.
Атап айтқанда:
- Мемлекеттік жастар саясаты;
- Жастардың өзекті мәселелері;
- Жас отбасылар мәселелері;
- «Сыр жастары» ипотекалық бағдарламасы;
- Жобалар мен жобалық бастамаларға қолдау көрсету.
Қабылдау уақыты:
12 наурыз, 12:00-де, Титов мөлтек ауданы, М. Ералиева атындағы мәдениет үйі;
12 наурыз, 13:00-де, Тасбөгет кенті, С. Майқанова атындағы мәдениет үйі.
Қабылдауға қатысып, маңызды сұрақтарыңызды тікелей талқылау мүмкіндігіне ие болыңыздар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!