HALYQLINE.KZ Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазмедиа» орталығында жұмыс істейтін «Еуразия» телеарнасының екі қызметкерінен коронавирус анықталды.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, алдын-алу мақсатында 18-20 мамыр аралығында Қонаев көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан «Қазмедиа орталығы» ғимаратында жұмыс істейтін 200-ге жуық қызметкер COVID-19 сынағынан өткен.
«Евразия» бірінші арнасының екі қызметкерінде коронавирус анықталды. Олар ауруханаға жіберілді. Телеарнаның жұмысы эпидемияға қарсы қатаң режимге көшті. Арна басшылығы жұмысшыларды мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыруы керек», – деді әкімдік.
Сонымен қатар, «Қазмедиа орталығы» ғимаратында 22 мамыр мен 7 маусым аралығында ғимаратқа кіруге қатаң карантиндік шаралар мен шектеулер енгізілген.
Орталық қызметкерлері барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтауға міндетті: маска киіп, қолдарын тазалап, қашықтық сақтап, дезинфекциялау құралдарын пайдаланып дымқыл тазалауды жүргізіп жүруі тиіс.
Сондай-ақ, «Қазмедиа» орталығының әкімшілігі «Еуразия» арнасы басшылығына ғимаратқа келетін қызметкерлер санын азайтып, жұмысшылардың көпшілігін қашықтан жұмысқа жіберуді ұсынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!