Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанның бірнеше өңірінде 45 градусқа дейін аптап ыстық болады

13.07.2026, 15:10 29

Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз болады. Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр немесе бұршақ жауады. Сондай-ақ дауыл тұруы мүмкін.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Жетісу және Абай облыстарында 35-43 градус ыстық болады.

Маңғыстау, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды мен Қызылорда облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының орталығында ауа температурасы 40-45 градусқа дейін көтеріледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: