Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қауымдастық күші – нақты нәтиже

26.02.2025, 17:45 80

HALYQLINE.KZ

«Туған жер» қоғамдық қозғалысы Қауымдастығы» 2005 жылы ашылып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын нығайту бағытында бірқатар жобаны жүзеге асырып келеді. Сондай-ақ, саяси реформаларды насихаттау, мемлекеттік бағдарламалар мен жастар саясатын жүзеге асыру, ҰОС ардагерлерін ұлықтау, еңбек пен тыл ардагерлерін және оларға теңестірілген тұлғаларды қолдауға, батырлардың ерлігін насихаттауға бағытталған ғылыми-мәдени және рухани іс-шараларды ұйымдастырады. Қауымдастықтың төрайымы – Ерімбетова Құрманкүл Сұлтанқызы.

Қауымдастық құрылғаннан бері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік тіл саясаты мен мемлекет басшысының бағдарламаларын халыққа насихаттау, қандастарға қолдау көрсету, сондай-ақ жұмыссыз жастар арасында шаштараз және тігінші мамандықтарға тегін оқыту курстарын, экологиялық акциялар, «Алтын дән» салтанатты іс-шараларын және т.б. жүзеге асырды.

Табысты және нәтижелі жобаларының бірін атап айтар болсақ, «Құқықтық сауаттандыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» жобасы. Жоба аясында ұйымдастырылған іс-шараларға 2000-нан астам тұрғын қамтылып, олар қоғамдық қабылдауларға, семинарларға, акциялар мен дөңгелек үстелдерге қатыстырылды. Сондай-ақ, 50-ге жуық азамат заңгерлердің көмегіне жүгініп, оларға құқықтық көмектер көрсетілді. Тиісті органдармен бірлесіп атқарған жұмыстардың нәтижесінде тұрғындардың құқықтары қорғалып, қатысушылардың құқықтық мәдениеті артты.

Осы жылы қалалық қоғамдық даму бөлімінің «Азаматтық бастамаларды қолдау» әлеуметтік жобасын қолға алып, бірқатар іс-шараларды жүзеге асырып, қоғамның дамуына өзінің үлесін қосуда.

Облыстық үкіметтік емес ұйымдарға арналған ресурстық орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: