Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған жаңа қаулы жарияланды»

08.04.2020, 10:39 382

HALYQLINE.KZ –| Облыста тіркелген науқастардың шамамен 60-70 проценті – жастар. Құрбылардың бір-біріне жұқтыру дерегі дәрігерлердің ескертуіне құлақ аспай, сауық кешін ұйымдастырудан болып отыр.

«Бұл туралы облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары, аймақтың бас санитар дәрігері Әлия Әбдіқайымова өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді» деп жазады «Сыр бойы» газетінің сайты.

– Топтық жағдайлар көптеп тіркеліп жатыр. Бір ауылдан 25 науқас шықты. Аурудың алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған жаңа қаулы жарияланды. Ол бойынша топтасып көшеде жүруге тыйым салынып отыр. Үй карантинін сақтаңыздар! Қонаққа бармаңыздар, қонақ шақырмаңыздар, – деді ол.

Тіпті, өлім-жітім жағдайында жиналуға шектеу қойылды. Өйткені сақтық шараларының бұзылуынан өңірде эпидемиологиялық ахуал одан сайын өршуі мүмкін. Қазіргі кезде Қызылорда еліміз бойынша ауру саны жөнінен алдыңғы үш облыстың қатарында тұрғанын ескеруіміз керек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: