Қатын деген сөзді қолданыстан шығарып тастамақшы болған әрекетке де бір ғасырдай болыпты ғой. Кеңес өкіметі орнаған соң, ерлермен қатар теңдік алып бердік, қатын ескілік сөз деп, 1920 жылдардың басында әйел деген сөзді енгізді. 1925 жылы редакторы Сара Есова болып «Әйел теңдігі» журналын шығарды, кейін ол «Қазақстан әйелдері» деп аталды. Ал, көрші елдеріміз өзбек, түрікмен, татар, ноғай, қарақалпақтар да қатын сөзінен бас тартқан жоқ. «Узбикстон қотын-кызылари», «Татарстан қатындары» журналы бар. Сонымен қатын деген дөрекі сөз бе? Ешқандай да дөрекі сөз емес, оны шығарып жүрген орыстар. Олар қатынды баба, еркекті мұжық деп аталуы дөрекі әрі кемісіту деп, женщина және мужчина деген сөзді енгізді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қатын сөзін қолданысқа енгізу керек деп, кей басылымдар «әйел» парсының сайқал, жезөкше сөзі деп жазғаны естеріңізде шығар. Бұл сөз парсы сөзі болғанымен, мағынасы мүлдем басқа «Йиәәлл» қазақтың жұбайы не зайыбы деген сөзіне келеді. Қатын сөзін түрпідей қылып көрсеткен кеңестік идеология еді, қатын деген сөзді «оқымаған мәдениетсіз адамдар айтады» деген түсінік қалыптастырды.
Қазақ халқы қызын жатжұрттық болатынын біліп, басқа халықтар сияқты пәрәнжі кигізбей, әлпештеп өсірді. Жасына байланысты сәби, бүлдіршін, балауса, бойжеткен қыз деп атап, байға тигеннен соң ғана қатын деп атаған. Қазірдің өзінде қыздарға. «қашан байға тиесің?» десе ренжіп қалуы мүмкін, ал «қашан миллионерге шығасың?» десек, қуанып рақмет айтып «айтқаның келсін» дейді. Ау, бай дегеніміз сол миллионер емес пе? Мәселе, қатын сөзін әлі дұрыс қабылдай алмай жүргенімізді философ В.И.Овчаренко паппортқа байланысты дейді. Паппорт – (француздың rappori сөзі) қатынас және байланыс деген сөз, біз әлі қатын сөзін түрпідей көріп, қатынас тіліне айналдыра алмай жүрміз. Орыстың қатынына «ты бой баба» десең мәз болып қалады, қазақтың келіншектеріне де «сен мықты қатынсың» десе қуанып қалуы мүмкін, бар мәселе қатын сөзін жиі қолданбағандықтан болып тұр.
Қатын сөзінің қазақ тіліндегі мағынасы – ханым, патша (императрица) деген сөз. Қазіргі уақытта тарихшылар «орыстың II Екатерина қатыны» деп дұрыс жазып жүр. Менің мектептегі бірге оқыған сыныптасым Алданыш Бекарыстанова қатын сөзін былайша әзілмен жеткізеді: Қымбаттым, Алтыным, Тынысым, Ырысым, Намысым, несі бар әзіл болса да тамаша сөздер. Ертеректе үлкен адамдар ер-азаматтарға «қатын мен бала-шағңның рақатын көр», келіншектерге «бай мен бала-шағаңның рақатын көр» деп алғыс айтатын.
Бақытжан Абдул-Түменбаев,
тарихшы, журналист-дайджест.
Қазалы ауданы
Қандай керемет!
Өте дұрыс айтылған сөз екен!