Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қасым, Жомарт және Кемел есімді үшем дүниеге келді

15.11.2022, 11:40 261

HALYQLINE.KZ  Елордада Қасым, Жомарт және Кемел есімді үшем дүниеге келді, – деп хабарлайдыі елорда әкімдігінің ресми сайты.

Үшемнің ата-анасы №2 Көпбейінді қалалық аурухананың дәрігерлеріне алғыс білдіреді.

Жас ана жұбайының жанында медбике болып қызмет істейді. Жұбайы – тіс дәрігері. Олар алғаш рет ата-ана атанып отыр, балаларға есімдерін атасы қойған.

Үшемдер әрқайсысы шамамен 1000 гр салмақпен мерзімінен бұрын дүниеге келген. Олар бөлімше меңгерушісі Ирина Цубенко бастаған дәрігерлер назарында жаңа туған нәрестелер патологиясын күту бөлімінде болды.

«Ота жасаған және жалпы №2 КҚА-ның акушерлік блогына үлкен алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап, заманауи жабдықтармен қамтамасыз еткені үшін және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін алғысым шексіз. Сіздердің арқаларыңызда бүлдіршіндеріміз толыққанды өмір сүруге және жарқын болашаққа құқылы!» – деді үшемнің анасы Марал Соппек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: