Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қашықтағы ғашықтық

15.04.2020, 21:47 557

HALYQLINE.KZ –| «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалында қызмет атқарып жүріп танысып, табысқан біршама жұптар бар. Бүгін «Ғашықтар күніне» орай біз сіздерге ерлі-зайыптылар Бақытжан мен Әйгерімді таныстыратын боламыз.

Бүгінгі кейіпкерлеріміз – қызметте жүріп танысып, ғашықтар күні табысқан жандар. Бақытжан мен Әйгерім қаламыздағы  №2 және №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істейді. Осыдан 2 жыл бұрын жұмыс барысында танысқан жұпқа бүгінде отау құрғанына тура 1 жыл толып отыр. Жас отбасы дәм-тұзы жарасып, жас жұбайлар атанғалы бері қара шаңырақтың отын сөндірмей отыр.

Ерлі-зайыптылар төтенше жағдай жарияланғанға дейін өз жұмыстарын орталықта отырып істеген. Қазір қашықтан жұмыс істеу тәртібі бойынша Бақытжан бейнеқоңырау арқылы күніне 150-ге жуық адамды мобильді азаматтар базасына тіркейді. Ал, Әйгерім 1414 байланыс орталығына түскен қоңырауларға жауап беріп, күніне 200-ден астам тұрғынға кеңес береді. Сонымен қоса, жас келін ретінде үйдің де шаруасын атқарып отыр. Бақытжан мен Әйгерімнің айтуынша, соңғы уақытта кеңес сұрап, хабарласатындардың саны артқан. Көбін мемлекет тарапынан берілетін көмектер мен ЭЦҚ алу секілді мәселелер мазалайды.

Жарасымды жанұя қоңырау шалған тұрғындардың сұрағына жауап бере отырып, бір-бірін бүгінгі мерекемен құттықтауды да ұмытқан жоқ. Қос ғашық болашағының баянды болатынына сенеді. Азаматтарға арналған үкіметтің облыстық филиалының атынан Сіздерді осы мерекемен құттықтаймыз және мөлдір махаббат тілейміз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: