HALYQLINE.KZ Қайырлы күн, оқырман! Әдеттегідей, аптаны парақшамыздың #oqy&toqy айдарынан бастаймыз. Бүгін біз Қандас мәртебесін ХҚО арқылы алу жолын айтып береміз. Ондай болса, іске сәт.
— Алдымен ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз;
— Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз;
— Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз.
Қандас (Оралман) мәртебесін алу үшін:
— Еркін түрде жазылған өмірбаян;
— Отбасы мүшелерінің әрқайсысының 3х4 көлеміндегі екі суреті;
— Мәртебені алушы барлық отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын шетелдік құжаттарының аудармасының нотариалды расталған көшірмесі.
Мәртебені ұзарту үшін осы құжаттармен қоса:
— Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхат
— Өтініш беріледі
Мәртебе мерзімі:
— Мәртебе 1 жылға жарамды. Бұл мерзім бітерде ҚР азаматтығын алу үшін өтініш бересіз немесе мәртебені ұзартуыңыз қажет болады.
— Мәртебені ұзарту мерзімі 6 айды құрайды. Мерзім өткен соң, қайта ұзартасыз немесе мәртебені алуға өтініш бересіз.
Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есептемегенде:
— Мәртебені алу – 15 жұмыс күні
— Мәртебені ұзарту – 5 жұмыс күні
Ескерту! Сурет пен өмірбаяннан басқа құжат, мәліметтер тексерілгеннен кейін, өтініш берушіге қайта қайтарылуы тиіс. Сондай-ақ ХҚО операторынан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты алуды ұмытпаңыз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!