HALYQLINE.KZ –| Мемлекеттік комиссия әкімдіктермен бірлесіп, аулаларды және ойын алаңдарын ашу мәселесін ойластыруға тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Оқшаулану кезінде ата-аналарға кішкентай балаларымен төрт қабырғаға қамалып отыру оңай емес. Мемлекеттік комиссия әкімдіктермен бірлесіп, аулаларды және ойын алаңдарын ашу мәселесін ойластыруы тиіс. Әрине, алдымен, барлық санитарлық нормалар мен санитарлық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы керек, – деді президент өз мәлімдемесінде.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев саяжайда жұмыс істейтіндерге қатысты мәселе қарастырылғанын айтты.
- Саяжай иелері де қатты алаңдап отыр. Өйткені, қазір көктемнің дәл ортасы, жұртқа қолайлы кезең. Мемлекеттік комиссия бұл мәселені қарастырды, енді оны шешу жолын айтады, – деді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!