Ораза — тек ішіп-жеуден тыйылу емес. Бұл — тәртіп, сабыр, ішкі дайындық кезеңі. Сондықтан қасиетті ай басталмай тұрып кейбір істерді реттеп алған дұрыс. Дайындық бар жерде ораза жеңіл өтеді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
- Ниетті нақтылау
Оразаға рухани мақсатпен кіру маңызды. Неге ұстаймын? Нені өзгерткім келеді? Қандай әдеттен арылуым керек? Ай басталған соң емес, дәл қазір осы сұрақтарға жауап беру керек.
- Қарыздарды реттеу
Берешек болса, мүмкіндігінше қайтару. Қайтару мүмкін болмаса, жоспар құру. Қаржылық тәртіп — рухани тыныштықтың бөлігі.
- Күн тәртібін қайта қарау
Ұйқы уақыты, жұмыс режимі, тамақтану тәртібі өзгеретінін ескеріп, алдын ала жоспар құру. Әсіресе таңғы уақытты бос өткізбеуді ойлау.
- Үй ішін дайындау
Артық заттарды жинау, тазалық жасау. Тәртіпті орта — тәртіпті ойға әсер етеді.
- Ақпараттық тазалық
Әлеуметтік желідегі артық мазмұнды азайту. Уақытты босқа алатын әдеттерді шектеу. Оразада назарды маңыздыға бұру жеңіл болады.
- Тамаққа емес, мәнге көңіл бөлу
Алдын ала мәзір жоспарлағанда ысырапқа жол бермеуді ойлау. Ораза — дастархан жарысы емес.
- Құран, дұға, оқу жоспарын белгілеу
Қанша бет оқимын? Қай уақытта? Нақты жоспарсыз ниет әлсірейді.
Ораза басталғанда дайындықсыз кіру — алғашқы күндерді ауыр өткізеді. Ал алдын ала реттелген адам айды жүйелі, саналы қарсы алады. Бұл ай — күтпеген жерден келетін уақыт емес. Оған дайындалу керек.
Фото: ашық дереккөзден
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!