Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өзбекстан билігі бетпердесіз жүргендерді жүгендемек

26.03.2020, 9:42 743

Өзбекстанда 25 наурыздан бастап көшеде бетпердесіз жүргендерге қомақты айыпұл салынады. Ортақ талапты орындамағандар осындай жаза қолданылатыны жұртшылыққа 23 наурыз күні ескертілген.

 Бұл туралы Koronavirus Info сайтына сілтеме жасап CentralAsia (UZ) хабарлады.

Ереже бұзған адам 223 мың сум (23 АҚШ доллары) төлеуге міндетті. Егер заң бұзушылық екінші мәрте қайталанса, 669 мың сум (70 АҚШ доллары) айыппұл арқалайды. 23 доллар дегеніңіз – Өзбекстандағы ең төменгі жалақы мөлшерімен тең қаражат.

Құқық бұзғандарды Ұлттық ұлан сарбаздары мен патрульдік қызмет өкілдері қадағалайды. 23-24 наурыз күндері Өзбекстанмен қоса, Қарақалпақстан тұрғындарына да тек ескерту жасалып келген. Көрсетілген мерзімнен бастап ереже бұзғандар айыппұл төлейді. Бір айта кетерлігі, Өзбекстан жұртшылығына медициналық бетперделер тегін таратылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: