Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өткенсіз – тарих, бүгінсіз – болашақ жоқ

10.04.2020, 10:41 616

Елбасының бұған дейінгі халық үшін қолға алған бастамаларының жалғасындай болған, елді сабырға, бірлікке шақырған бүгінгі үндеуі көңілге медет болғаны рас.

Мақаланы оқып отырып, елдің қандай қиыншылықтардан өткені, ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткізгеніміз, сол тәуелсіздік жылдарында да талай белесті бағындырғанымыз көз алдымызда киноның лентасындай сырғыды. Елбасының еліне жігер бере арнаған үндеуі бұл пандемияны да еңсеретінімізге сендірді.

Бұл тұрғысында мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар аз емес. Аймағымыздың ауызбіршілігін «Біз біргеміз» акциясы аясында жасалған қайырымдылық шараларынан-ақ көруге болады. Елде жарияланған төтенше жағдайға қарамастан игі істердің басында жүріп, аз қамтылған отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етіп жүрген кәсіпкерлеріміз, оның ішінде кәсіпкер депутаттарымыз мақтауға тұрарлықтай. Ал, жастарымыз өз бастарына төнген қатерге қарамастан оларға барынша көмек қолын созуда.

Елбасы мақаласы негізінде Қазақстанда халықтың бақытты болашағы үшін барлық жағдай жасалғандығын атап айтқым келеді. Әсіресе, мақаладағы «Үлкенге ізетті, кішіге қамқор, бір-біріңе дос болыңдар» деген өсиет бірлігі бекем ел үшін үлкен қолдау деп санаймын.

Әлемді әрігерге салған дертпен күресуде біздің басты қорғанымыз сабырлылық пен бірлік болуы керек. Сондықтан, тәртіпке бағынып, өзіңіз бен жақындарыңыз үшін сақтық шараларын сақтауға, уақытша қиындық кезеңінде саламатты өмір салтын ұстануға шақырамын. Жауапкершілікті сезініп, үйде болайық.

Жұдырықтай жұмылып, бұл індетті жеңіп шығуымыз керек .

А.СҮЙІНТАЕВ,

Қызылорда қалалық мәслихат депутаты

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: