Біздің негізгі талқылайтын тақырыбымыз – депутаттың түкіргені емес, Екібастұздағы ТЭЦ-тың құрал-жабдықтарынын 90% тозғандығы, қысқа дайындыққа соны қабылдап алған әкімдік. ТЭЦ неге тозды? Неге оған ақша құймады, тек ала берді? Ол қалай жекешеленіп кетті? Менің білуімше, еліміздегі жалпы инфрақұрылымның 70%-ының уақыты өткен, ауыстыру керек. Алдағы уақыттарда басқа қалаларда да бұл қайталана ма? 580 миллион доллары бар Клебанов. Ол халықтан кешірім сұрай ма? Үстінен қылмыстық іс қозғала ма? Осындай сұрақтарға бас қатыруымыз керек еді.
Жалпы байқағаным, біз болашақтың әңгімесін айтпаймыз. Өткенмен жүреміз. Болмаса түкірік секілді қазан-ошақтың әңгімесі. Жұрттар айға ұшып, Марстың әңгімесін қозғаса, біз әлі әдебиеттің деңгейінде жүрміз. Абай былай деді, Құнанбай былай деді деп. Біреулерге осы тақырып нан болды. Жанұяларын асырайды. Соңғы 2 жылдағы ғылым алдыңғы ғылымның 90%-ын жойып жіберетін заманда өмір сүріп жатырмыз. Өткенмен емес, болашақпен өмір сүруді үйрену керек еді.
Сәбит РЫСБАЕВ,
Әлеуметтік желідегі парақшасынан.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!