Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыста “Қыс-2025” командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

17.11.2025, 20:53 109

20-21 қараша күндері Арал қаласында “Қыс-2025” облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі. Оған азаматтық қорғау қызметтерінің 120 құрылымынан 367 бірлік техника мен 1 184 қызметкер жұмылдырылмақ. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ТЖД бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров мәлімдеді.

  • “Дабыл – 1001” сигналы түскеннен кейін азаматтық қорғаудың облыстық аумақтық кіші жүйесінің органдары мен күштері, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық Төтенше жағдайлар комиссияларының мүшелері СМС хабарламалар арқылы құлақтандырылады. Облыс аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 397 шақырымды құрайды. Оның 1 016 шақырымы республикалық маңыздағы, ал 2 381 шақырымы облыстық және жергілікті маңыздағы жолдар. Жолда қалып қойған азаматтарға көмек көрсету мақсатында 3 трассалық медициналық-құтқару пункті жұмыс істейді. Олар төтенше жағдайларда жылыту пункті ретінде де пайдаланылады. Қар құрсауында қалған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 12 уақытша жылыту пункті дайындалған. Қыс мезгілінде облыстық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 96 бірлік техника, 918 тонна тұз және 2 408 тонна құм дайындалған. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына 63 бірлік мамандандырылған техника, 2 525 тонна тұз, 7 810 м³ құм, 7,7 тонна бензин, 14,9 тонна дизель отыны және 354 дана жол белгісі әзір, — деді Бекболат Қайырбекұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: