Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыста екі ауылды тарату жоспары талқылануда

11.11.2025, 15:45 112

Шығыс Қазақстан облысында халық саны аз екі елді мекенді біріктіру мәселесі қаралуда. Катонқарағай ауданындағы Шұбарағаш пен Үлкен Нарын ауданындағы Құндызды ауылдары басқа ауылдар құрамына қосылуы мүмкін, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

Облыстық мәслихат сайтында жарияланған жобада:

Шұбарағаш ауылын Жамбыл ауылына,
Құндыздыны Новохайрузовка ауылына қосу ұсынылып отыр.


Бұл шешімнің негізгі себебі — тұрғындардың азаюы мен әлеуметтік инфрақұрылымның жоқтығы. Ауыл тұрғындары бұрын халық көп болғанын, мектеп пен ферма жұмыс істегенін айтады, бірақ қазір тек бірнеше адам қалды, көбісі қарттар. Дүкен жоқ, қыста жол қармен жабылады, күнкөріс қиындап кеткен.

Аудан әкімдігі тұрғындарды алаңдамауға шақырып отыр. Жоспар бойынша үлкен ауылдарға қосылу әлеуметтік нысандарға қол жеткізуді жеңілдетеді: мектеп, дәрігерлік пункт, дүкен мен жол сияқты қызметтерді пайдалану мүмкіндігі артады. Бұл әкімшілік шара халыққа көрсетілетін қызметтерді жақсартуға бағытталған. Ауылдарды біріктіру мәселесі тұрғындармен талқылаудан кейін облыстық мәслихаттың алдағы сессиясында қаралады.

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстанда тағы 30 ауылды біріктіру немесе тарату мүмкіндігі айтылған, оның бесеуі қазірдің өзінде таратылған.

Фото:
GOV.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: