Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нұрғиса Тілендиевтің жары өмірден өтті

12.03.2025, 7:00 102

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, актриса, композитор Дариға Тілендиева 79 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Бұл туралы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі және Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы хабарлады, – деп жазады halyqline.kz тілшісі.

“Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы мен Н.Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестр ұжымы «Парасат», «Құрмет» ордендерінің кавалері Динара Нұрғисақызы Тілендиева мен ағайын-туыс, жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады, – деп хабарлады филармониядан.

Дариға Тілендиева 1946 жылы 4 тамызда Алматы облысы Көксу ауданында дүниеге келген. «Қазақфильм» киностудиясының 2 жылдық курсын, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын 1980 жылы бітірген. Алғаш рет «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Құлагер», содан кейін «Ақ машина», «Алты жасар Алпамыс», «Қоштасқым келмейді», «Жамбылдың жастық шағы», тағы басқа көркем фильмдерінде әртүрлі рөлдерді сомдады.

1993-2010 жылдар аралығында Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрінде конференьсе қызметін атқарды. Сонымен қатар Дариға Тілендікеліні «Қайран менің Нұрекем», «Қазақстан Республикам менің», «Қараталым», «Махамбет баба» атты көптеген ән-күйдің авторы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: