HALYQLINE.KZ The New York Times басылымы қара нәсілді азаматтарға құрмет есебінде өз мақалаларында black (қара) сөзін бас әріппен жазуды ұйғарды.
«Қара» сөзі Америка Құрама Штаттарында және басқа жерлерде афроамерикалықтарға қатысты қолданылған кезде бас әріппен жазылады» делінген хабарламада.
Расизм: АҚШ-та нәсілдік кемсіту қалай пайда болды?
Басылымның атқарушы редакторы Дин Бакеннің айтуынша, шешім АҚШ-тағы нәсілшілдікке қарсы наразылықтарға байланысты туындаған. Жүзден астам журналист афроамерикалықтарға қатысты «қара» сөзін бас әріппен жазуға келіскен. Бұған дейін Associated Press осындай бастама көтерген болатын.
«Мен демала алмай жатырмын» ұраны қалай пайда болды?
Айта кетейік, АҚШ-тағы нәсілшілдікке қарсы жаппай наразылықтар афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталып әлі жалғасып жатыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!