Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Не істесе де, өзі біледі

08.11.2020, 10:00 937

HALYQLINE.KZ

Тұрмысқа ерте шықса — «Екіқабат болып қалыпты» дейміз.

Тұрмысқа шықпаса — «Ешкімге керек болмаған ғой» дейміз.

Жаман жігітке тап болса — «Өзіне де сол керек» дейміз.

Жүкті болса — «Жезөкше» дейміз. Мүмкін оны зорлап кеткен шығар!

Жүкті бола алмай жүрсе — «Ауру» дейміз.

Бір бала туса — «Аз» дейміз.

Көп бала туса — «Топырлатып туып жатыр» дейміз.

Жұмыс істесе — «Жұмыскер болып қалыпты өзінше» дейміз.

Жұмыс істемесе — «Еріншек, жалқау екен» дейміз.

Білім жинап, көп оқыса — «Профессор» дейміз.

Ал егер оқымаса — «Ақымақ» дейміз.

Негізі, әр адамның өз өмірі бар! Не істесе де, өзі біледі. Бұл — тағдыр! Тағдырдың жазғанын көреді. «10 күнәнің 9-ы — тілден болады». Тілімізге ие болайық! Біреудің сыртынан сөз айту, Дінімізде — үлкен күнә, яғни Ғайбат болып табылады! Ал қоғамда — өсек…

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: