Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Назарбаевты әкем деп атауға мәжбүрледі»

23.02.2026, 16:40 77

Бұл туралы блогер экс-президентпен кездесуі туралы айтты.

Блогер Алексей Лодочников елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен таныстығы және одан алған сыйы жайлы әңгімеледі, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Домбыраны шебер тартатын Лодочников алғашқы кездесуде Назарбаев оның өнерін мына сөздермен бөлгенін еске алады:

— Сен қазақша менің серіктестерімнен де жақсы сөйлейсің. Егер маған сенің өнерің ұнаса, сені Астанадағы концертке шақырамын.

Блогердің айтуынша, арада үш ай өткенде оған қоңырау түскен. Назарбаевтың атынан Астанаға шақырту беріліп, ол елордада Димаш Құдайбергенмен дуэтте өнер көрсетуге ұсыныс алған. Бұл «елбасының сыйы» ретінде ұсынылған.

Ал экс-президентпен тікелей қарым-қатынас өте шектеулі болғанын айтады. Оның сөзінше, қатаң хаттамаға сәйкес, Назарбаевтың өкілдері әңгіме барысын алдын ала өздері жазып берген.

— Онда нақты протокол болды. Тіпті маған: «Мен балалар үйінде өстім, сізді (Н. Назарбаевты – ред.) өз әкем деп санаймын» деп айтуым керек деп жазып қойған. Маған сондай мәтін ұсынды. Әрине, бұл менің жеке ойым емес, — деді блогер.

Фото:Ашық дереккөзден

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: