HALYQLINE.KZ –|Бүгіннен бастап әлеуметтік төлемді алуға өтініш беру тоқтатылды. Бұл жөнінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.
– Бүгін төтенше жағдай мерзімі аяқталды. Сондықтан да біз бүгіннен бастап жаңа өтініштерді қабылдауды тоқтатамыз. Бірақ 11 мамырға дейін өткізілген өтініштердің барлығы міндетті түрде қаралып, ережеге сәйкес болса, тағайындалып төленеді, – деді министр үкімет үйінде өткен онлайн брифингте.
Сондай-ақ, ол төтенше жағдайдың бірінші айында, яғни 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар (3 миллион 735 мың адам) әлеуметтік төлем алуға құқылы екендігін айтты. Министрлік 5-6 мамыр күні екі миллионға жуық адамның өтінішін рәсімдеп, банктерге 99 миллиард теңге жіберген.
Министрдің сөзінше, бүгінге дейін 4 миллион 539 мың адамға 42 500 теңге тағайындалып төленген. Барлығы 193 миллиард теңге бағытталған.
Калай оиниш берем откен 2 ай ала алмадым.жумиссызбын копалалы акемин..Кандай сайттан берем отиниш айта кетсениздер