2025 жылғы Рамазан айының алғашқы тарауық намазы оқылып, Сыр мешіттері жамағатқа толды.
Аймақ мешіттерінде Бас имам Дастан Жанасұлы бастаған дін қызметкерлері жиылған жамағатқа құттықтап, берекелі айдың қадір-қасиеті жайлы насихат айтты. Ораза жайлы кітапшалар мен кесте, құрма таратылып, 29 күн бойы тарауық намазын жүргізетін қарилар таныстырылды.
Айта кетейік, облыс бойынша 44 мешітте тарауық намазында Құран Хатым оқылатын болады. Мешіттерде ауызашар дастарқаны жайылып, «Ислам және отбасы» құндылығы жыды аясында түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланған.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!