HALYQLINE.KZ Елімізде қазан айының екінші жексенбісі мүмкіндігі шектеулі жандар өз мерекесін атап өтеді. Мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару.
Бүгін осы күнге орай аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен мерекелік жиын өтті. Жиынға мүмкіндігі шектеулі жандар мен қоғамдық ұйым басшылары және ата-аналар қатысты.
Басқосу барысында аудан басшысы Мұхтар Әуесұлы құттықтау сөз сөйлеп, мүмкіндігі шектеулі жандардың белсенділігін тілге тиек етті.
Мұнан соң атаулы күн аясында қоғамдық ұйымдардың басшылары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға аудан әкімінің «Алғыс хаты» мен «Құттықтауы» табыс етілді.
Аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Ерболат Тұрым, аудандық соқырлар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлімжан Қияс, 2-топ мүгедегі, аудандық мүгедектер қоғамының мүшесі Телағыс Бұхарбай және тағы басқалары сөз сөз сөйлеп, ризашылықтарын білдірді.
Айта кетейік, бүгінде аудан бойынша 3524 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оларға жеке оңалту бағдарламасы бойынша мемлекет тарапынан мемлекеттік қызметтер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы көрсетіліп келеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!