Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Арал ауданындағы бірқатар азаматтардың еңбегі еленіп, мемлекеттік марапаттарды иеленді.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Ержан Итеменұлы Көлдеевке Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Ал Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік сала, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры, жерлесіміз Нұргүл Алмасқызы Жанназарова мемлекет басшысының жарлығымен Астана төрінде «Құрмет» орденімен марапатталды.
Сонымен қатар аймақ төрінде өткен салтанатты шарада Мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Биғали Қаюпов «Парасат» орденімен, Арал аудандық мәслихатының төрағасы Базарбай Төрахметов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Бұдан бөлек, филология ғылымдарының кандидаты, фольклортанушы, жыршы Берік Жүсіпов «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.
Бұл түрлі салада еңбек етіп, өз қызметіне деген адалдықтың айнымас үлгісіне айналған жандарға берілген лайықты баға.
Жерлестерімізді жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!