8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы басқарма және оған қарасты орталықтардың қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Салтанатты жиында қоғам өмірінің түрлі саласында табысты еңбек етіп жүрген арулардың еңбегі еленіп, бірқатар қызметкерлер марапатқа ие болды.
Мерекелік шара барысында өз ісіне жауапкершілікпен қарап, өңірдің дамуына үлес қосып жүрген нәзік жандарға Қызылорда облысы әкімінің және басқарма басшысының арнайы Алғыс хаттары табысталды.
Марапат төрінен көрінгендердің қатарында Өңірлік коммуникациялар қызметінің арулары да бар. Атап айтқанда, ӨКҚ-ның Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау және талдау бөлімінің басшысы Алибаева Гүлфариза Манарбекқызы мен Түсініктемелер беруді ұйымдастыру бөлімінің маманы Жақсыбаева Зухра Әмірқызына Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Сонымен қатар Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаменті де Өңірлік коммуникациялар қызметінің Жаңалықтар мен ақпараттық контентті қалыптастыру бөлімінің маманы Тұрғантай Малика Бақытжанқызына арнайы құттықтау жолдап, кәсіби қызметіне табыс тіледі.
Әріптестерімізді мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық, шығармашылық шабыт тілейміз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!