Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік қызметтерді онлайн алайық

19.03.2020, 16:17 366

Қазір әлемді алаңдатқан коронавирус инфекциясының таралу уақытында үйден шығудың өзі қорқынышты болып отыр. Осы ретте цифрлық мүмкіндіктер біздің өмірімізді жеңілдетті. Бүгінгі таңда «еgov mobile» немесе «ТelegramBot» мобильді қосымшаларының көмегімен смартфон арқылы қызметтерді онлайн түрде алуға болады. Сол себепті азаматтарға ХҚО-ға барудың еш қажеттілігі жоқ. Алып індет алаңдатып жатқан жағдайда халық көп шоғырланған жерлерге баруды азайту қажет.

Осы тұста медицина саласының қызметкерлері бастаған жақсы бастаманы бізде қолдаймыз! Осынау сындарлы сәтте бір-бірімізді қолдап, сабырлық танытып, үрейленбеуіміз керек. Еліміздегі болып жатқан ахуалға қарамастан біздің мамандар сіздер үшін жұмыс істеп, қызмет көрсетуде. Сіздер де біз үшін және өздеріңіз үшін қызметтерді онлайн алыңыздар!

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Қызылорда облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: