Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мектеп мұғалімдері жаппай таяқ жеген

21.12.2025, 16:51 59

Ақтау қаласындағы №23 мектептің мұғалімдері беттерінде «көгерген», тұншықтыру іздері мен «кесілген» жарақат белгілері бар күйде шықты. Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Оқушылар ұстаздарын мұндай кейіпте алғаш рет көрген. Алайда бұл шынайы зорлық-зомбылық емес, тұрмыстық және цифрлық зорлық мәселесіне назар аудартуға бағытталған арнайы көркемдік тәсіл болған.

Бастамашы топтың түсіндіруінше, бейнеролик әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғауға арналған халықаралық акция аясында түсірілген.

«Біздің ролик — зорлықсыз мәдениетке үндеу. Біз әрбір әйел өзін қорғалған сезінуі, ал әрбір бала мейірімділік, жауапкершілік пен адамгершілік қадір-қасиет бағаланатын ортада өсуі үшін атсалысамыз», — делінген видеоны сипаттауда.

Маңғыстау облыстық білім басқармасында Lada.kz тілшісіне хабарлағандай, бұл бейнеролик Ақтау қалалық білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағы филиалының өтініші бойынша «Зорлық-зомбылықсыз 10 күн» акциясы аясында дайындалған. Аталған кезеңде қаладағы барлық мектептерде осындай алдын алу шаралары өткізілген.

№23 мектеп ұжымы зорлық-зомбылық мәселесіне назар аудару үшін дәл осындай әсерлі әрі эмоциялық визуалды тәсілді таңдаған.

Мамандардың айтуынша, зорлықтың алдын алу ерте жастан басталуы тиіс. Балалармен ашық әңгіме жүргізу, мәселені жасырмай талқылау, бір-біріне құрметпен қарауды қалыптастыру — қайғылы жағдайлардың алдын алуда маңызды қадамдар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: