Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жас суретшілер байқауы өтті

15.10.2021, 19:05 530

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, қала күні мерекесіне орай балалар арасында «Қызылорда менің көзіммен» атты қалалық жас суретшілер байқауы өтті.

Байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат – патриоттық тәрбие беру, балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамытумен қатар, туған қаламыздың сұлулығын, көшелердің көркемдігін көрсете білу және саябақтар мен ескерткіштерімізді дәріптеу.

Балалар арасында ұйымдастырылған бұл байқауға 60-қа жуық талапкер белсене қатысып, жас ерекшелігіне байланысты екі топқа бөлінді. (6-9 және 10-15 жас аралығы)

Байқауда «Қосымша білім беру орталығының» маманы Дархан Ерленұлы, суретші, сазгер Жарылқасын Оразғұлов және кәсіпорынның көркемдік жетекшісі, ақын Ұлықбек Бекұзақұлы қазылық етті.

Нәтижесінде кіші топ (6-9 жас) санаты бойынша жүлделі 3-орынды Ануарбек Айғаным, 2-орынды Еркебұланқызы Жансая иеленсе, Мейіржанқызы Әмина 1-орын алып, үздік боп танылды.

Ал, үлкен топ санаты (10-15 жас) бойынша Сартаева Айым, Ибрагимова Зере, Құдайбергенова Адия 3-орын иегерлері атанды. Айдарбек Анель және Уразова Еңлік 2-орын алса, асқан шеберлік танытқан Жармахан Махаббат 1-орынды еншіледі.

Сондай-ақ, ерекше шығармасы үшін, «Ғажайып палитра» номинациясымен Қуаныш Ақжанат және «Сиқырлы қалам» номинациясымен Әмірбеков Рысдәулет марапатталды. Байқауға қатысқан барлық балаларға арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: