Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр өңірінің өнер делегациясы Женева қаласында

22.10.2025, 11:35 122

Сыр елінің мәдениет және өнер өкілдері арқа төсіндегі Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайы арқылы алдымен Стамбул қаласына, ары қарай Швейцарияның бас қаласы Женеваға әуе жолы арқылы аман-есен жетті.

Альпі тауының баурайында орналасқан Швейцария мемлекеті ғасырлар көшіндегі тарихы мен мәдениеті, сәулеті және өмір сүру ерекшеліктерімен танымал. Әлемдегі ең таза әрі қауіпсіз, табиғаты ерекше елге шығармашылық сапарға аттанған әріптестеріміздің алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!

Айта кетейік, 23-24 қазан күндері Сыр елінің өнер делегациясы Швейцарияның Женева және Берн қалаларында Республика күніне арналған концерттік бағдарламасын ұсынады. Бұл сапар қос мемлекеттік мәдени-рухани байланыс аясын кеңейтіп, қазақ өнерінің еуропа төрінде шарықтауына мүмкіндік сыйламақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: