HALYQLINE.KZ Бүгін – Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Осыған орай, республикалық қоғамдық-саяси «Халық» газетінде белгілі фототілші Болат Омарәлиевпен болған сұхбаттан үзінді жариялап отырмыз. Шәмшімен шығармашылығын байланыстырған фототілші ән короліне байланысты бірқатар деректерді айтқан еді.
Шәмші Қалдаяқов өлерінің алдында, ұмытпасам 1989 жылы болуы керек, Қызылорда педагогикалық училищесінде концертін өткізді. Аядай ғана залдың ішінде. Күрк-күрк жөтеліп отыр. Шашы аппақ қудай. Жанында ешкім жоқ. Көрермені жиырма шақты адам ғана. Былайынша айтқанда, мүлдем елеусіз келген не елеусіз қалған адамдай. Сонда Шәмшіні аяп, сол бейнесін көрсеткім келмей суретке түсере алмадым, түсірмедім. Жүз суретке түсірсек те, кейіпкердің шынайы бейнесін шығара алмауымыз мүмкін. Сосын ғой, өлеңге беріліп кететініміз. Ішкі толғанысын бере алмаған соң солай болады.
Жалпы, менің шығармашылығым Шәмшімен тікелей байланысты болды. Оның әндерінің тақырыптарына байланысты суреттер түсіріп отырдым. Мысалы, “Кешікпей келем деп ең…” деген әніне орай сағатқа қарап тұрған, елеңдеп тұрған суреттер түсірдім.
Болат ОМАРӘЛИЕВ,
фототілші
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!