Ақын, психосоматик Асылзат Арыстанбек Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында ақын Фариза Оңғарсынованың орны ойсырап тұрғанын жеткізді.
«Фариза Оңғарсынова өмірден өткеннен кейін бізде құлазу басталды. Қазақ ақындарының күні енді не болады деген сияқты. Фариза апай барлық ақынды аты-жөнімен білетін. Бізден кейінгі буынды да атын атап, өлеңін оқығанын айтып отыратын. Оның қолдауын сезінетінбіз. Барлық ақын «Фариза апамыз бар» деп еркін жүрді. Қазақ ақындарын дәл Фариза апайдай қорғап, қолдап жүрген адам жоқ қазір. Ондайды сезініп жатқан жоқпыз бүгінде», – деді Асылзат Арыстанбек.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!