Қаржы министрлігі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асыратын форумдар, семинарлар, конференциялар мен имидждік іс-шараларды өткізуге 2,2 миллиард теңге бөлу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
2023 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстарында мынадай іс-шараларға қаражат бөлу көзделген:
- Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен форумдар, семинарлар мен конференциялар;
- 2023 жылғы қазанда XI Азаматтық форум;
- Маусымдағы халықаралық еріктілер форумы;
- ақпанда өткен Digital Almaty 2023 форумы;
- қыркүйекте «Әлеуметтік инновациялар жалпы еңбек қоғамына жол ретінде» форумы;
- маусымда Астанада Қазақстан патриоттарының форумы;
- мамырда өтетін машина жасаушылардың форумы;
- қыркүйекте «Иннопром-Орталық Азия» халықаралық көрмесі;
- «Парыз бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауы және жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі.
tengrinews.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!