Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қала келбеті: Қызылорда» атты жеке көрме өтті

14.11.2025, 9:45 100

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы – С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясының ұйымдастыруымен Сыр өңірінің бас қаласы Қызылорданың Қазақ АКСР-інің астанасы болып жарияланғанына 100 жыл толуына орай ерекше көрме өтті.

Атаулы дата аясында суретші Ерлен Дарханның «Қала келбеті: Қызылорда» атты жеке көрмесі көрермен назарына ұсынылды. Онда суретшінің қолымен жасалған қала ғимараттарының көркем макеттері қойылып, Қызылорданың сәулеттік және мәдени бейнесі паш етілді.

Көрменің ашылу рәсімін Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Жанат Ахметова жүргізіп, қала тарихын ұлықтаудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шараға мәдениет және білім саласының қызметкерлері, өнер иелері, студенттер мен автордың туыстары қатысты.

Көрменің басты мақсаты – Қызылорда қаласының тарихи келбетін сақтау, мәдени және сәулеттік мұрасын ұрпақ санасында жаңғырту, сондай-ақ туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру болып табылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: