Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, бұрын «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры» табыстап келген «Елбасы медалін» енді «Ел үміті медалі» деп атау жоспарланып отырғаны белгілі болды. Сондай-ақ, енді аталған медальмен марапаттау іс-шараларын Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырады.
Өзгерістерді енгізуге 2023 жылғы 13 ақпанда «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» ҚР Конституциялық заңының күшi жойылуы себеп болған.
Сондай-ақ, Қазақстанда жастар санатында жататын адамдардың жасының ұлғаюына байланысты енді «Ел үміті» медалімен 14 жастан 35 жасқа дейінгі (бұрын 29 жаспен шектелетін) қазақстандықтар марапатталады.
Талапты жастарымызды ынталандыратын атау және тағылымы зор марапат болар еді.Тек бұлда саудаға салынбаса.
» ЕЛ ҮМІТІ » медалімен пайда табуды көздегендер қатары көбеймеуіне Оқу-ағарту министрлігі қадағалауын орнықтырса.