Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 адам тіркелді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
«Нұр-Сұлтанда тағы 14 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлаймыз. Олардың барлығы карантинге жатқызылды, диагноз расталды. Олармен байланыста болған адамдардың барлығы оқшауланып, карантинге жатқызылып жатыр», – деді министр Біртанов.
Жалпы есеппен Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 27 адамға жетті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!